Ставрополка орта мектебі кітапханасында Ғабит Мүсіреповтің туған күніне арналған «Ғабит Мүсірепов - Сөз өнері шебері» көрмесі ұйымдастырылды.
Ғабит Мүсірепов - көрнекті қоғам қайраткері, академик, халық жазушысы, драматург. Қазақтың адал ұлы әрі талантты тұлғасы ретінде Қазақ халқының жүрегі мен жадында мәңгі сақталады.